DARA foundation
KZ
RU
EN


Қазір Қорда келесі акциялар өткізілуде:

МЭРИ О'КОННОР "ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ" КІТАБЫН ДАРА ҚОРЫНА ТАБЫС ЕТТІ

altСуретші Мэри О'Коннор "ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ" ерекше атты фотоальбом-кітабын жарыққа шығарып, кітаптан түскен қаражат толығымен қайырымдылық есебінде ДАРА Қорына табыс етіледі деген шешім қабылдады.
Мэри О'Коннор Уэксфордта (Ирландия) туып-өсіп, Алматы қаласында 2003 жылдан бері тұрып келеди және 2000 жылдан бері заманауи суретші ретінде тәжірибе алуда. Оның адамдарға махабаты және Орталық Азия деген өткір көзқарасы HEAD OVER HEELS Шетелдіктердің көзқарасындағы Орталық Азия атты керемет кітабын ең құрметті жазушылармен жүмыс істеп жазуға, осы суреттер жиынтығына шабыт берді.

altHEAD OVER HEELS кітабының тұсаукесері және автограф-сессиясы ойдағыдай Қазақстанның екі қаласында өтті: 6 сәуірде Алматы қаласында, Интерконтиненталь қонақ үйінде және 10 сәуірде Атырау қаласында, Ренессанс Атырау қонақ үйінде.
Кітаптың тұсаукесер рәсіміне осы кітаптың авторлас жазушылары қатысты. Қазақстандағы Ирландияның елшісі Филипп МакДона мырза және Миссис Қазақстан Виктория Моминбаева осы тұсаукесер рәсімін арнаулы қонақтары болды. Кеш өте жылы жүзді және ақ ниетті болды, көп қатысушылар бүкіл отбасы мүшелерімен келген болатын. Мэри О'Коннор ханымға және ДАРА Қорына көп жақсы лебіздер айтылды.
"ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ" кітабынан бар жиналған қаражат ДАРА Қорына тапсырылып, "Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатының" оқүшыларына арналған футбол жобасына жұмсалынады. Осының арқасында жас футболшылар тобы 2013 жылдың 25-31 тамыз аралығында Словакиядағы Прешов қаласында саңырау балаларға арналған ХХI халықаралық футзал турниріне қатысалады.
alt
Мүдделі тұлғаларға Мэри О'Коннордың "ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ" кітабы келесі мекенжайда бар екендігін ескертеміз (қайырымдылық жарна бар болғаны 7,500 (жеті мың бес жүз) теңге құрайды):
  • Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 4А (Достық даңғылының қиылысы), "SAUVAGE" дүкені
  • Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 140 А, "Boutique №1" дүкені
  • Алматы қаласы, Тимирязев көшесі (Сейфуллин көшесінің қиылысы), "Керемет" ТК, 3Б, "Lui-Lei" дүкені
  • Алматы қаласы, Достык даңғылы 116, "Red Code" дүкені
  • Алматы қаласы, Самал-2, Бектуров көшесі, 104, "Promode Jeans" дүкені
  • Алматы қаласы, Достық даңғылы (Әл-Фараби даңғылының қиылысы), "Ритц-Палас" ОСО, 3-ші қабат, Sauvage Discount Center
  • Алматы қаласы, Достық даңғылы, 34А (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы), "Max Mara" дүкені
  • Алматы қаласы, Достық даңғылы, 12 (Қазыбек би көшесінің қиылысы), "Emporio Armani" дүкені
  • Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 77/85 (Фурманов көшесінің қиылысы), "Armonia" дүкені

НЕМҚҰРАЙЛЫ БОЛМАҒАНДАРЫҢЫЗ ҮШІН СІЗДЕРГЕ РАХМЕТ!!!

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.