Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/dara.kz/public_html/old/kaz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162  Қор туралы » DARA foundation
KZ
RU
EN


Қор туралы

"Дара" Жеке қорының миссиясы балаларға арналған медицина мекемелеріне, балалар үйлеріне, сондай‑ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп‑интернаттарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады.

Ұйым өзінің негізгі жұмысын балалар мен жасөспірімдер өз жанұяларының, мемлекеттік органдардың және басқа да қайырымдылық қорларының назарынсыз қалған жағдайдағы жоғарыда аталған мекемелердің қызметінің салаларына шоғырландырады.

alt2008 жылы 20 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет Білім және ғылым министрі өткізген "Білім беру меценаты" атты марапаттау салтанаты болып өтті. Рәсім барысында Жансейіт Түймебаев мырза "білім беру саласындағы меценаттар - жаны мейірімді, жүрегі махаббатқа толы, қолы ашық адамдар, олар болашақ үшін игі істерді жасайды, азаматтарымыздың әл‑ауқатын жақсарту, бақытты балалық шақ әлемін құру жолында еліне көмектеседі, өз жанының жомарттығын көрсетеді" деп атап өтті. Отыздан астам кәсіпкер Алтын медальдарға ие болды, олардың ішінде "Дара" қорының құрылтайшысы Гүлнәр Досаева да бар. Өзі жұмыс істеп келе жатқан уақыттың ішінде қор ондаған балалар мерекесін, экскурсияларды, білім беру бағдарламаларын ұйымдастырды, сондай‑ақ балалар үйлерінің, мектеп‑интернаттардың тәрбиесіндегі және емдеу мекемелеріндегі балаларға арнап іс‑шаралар ұйымдастырды. "Дара" қоры келешекте біздің елімізде бизнесмен - меценаттардың саны ұлғаяды және ортақ күш салынып ҚР білім беру жүйесіне қолдан келетін жәрдем көрсетіледі деп үміттенеді.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.