Қызметкерлер » DARA foundation
KZ
RU
EN


Қызметкерлер

alt

Ізбасарова Әсел Бекболқызы

Президент

Әсел Бекболқызы Лондон Экономика және Саяси ғылымдар Мектебінің (LSE) Ғылымдар магистрі және Майкл Пикок (Michael Peacock Scholarship) атындағы мәртебелі гранттың стипендианты болып табылады. Ізбасарова ханым Бакалавр дәрежесін Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде алған.

Әсел Бекболқызы жергілікті және шетелдік ұйымдарда, оның ішінде көбіне қайырымдылық саласында жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған: Ынтымақтастық жөніндегі Жапондық Халықаралық Агенттік (Қазақстан); Жарымжандар форумы (Ұлыбритания); American Heart Association (АҚШ); United Way (АҚШ).

alt

Яценко Надежда Виктор қызы,
Бас есепшы


Орталық Азия Университетін бухгалтер-аудитор мамандығы бойынша тәмамдадым (2006).


Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясы, қаржы маманы (2009)

"Дара" Қорында бас бухгалтер ретінде қызмет атқарамын.

Адамдарға, әсіресе балаларға көмек көрсету - игі іс. Өз-өзіңе іштей мақтанады екенсің.
alt

Тыныштықбаева Айгүл Байдалықызы

Әлеуметтік жобалар менеджері


Ағылшын пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Айгүл Байдалықызы жоғару оқу орындарында, оқыту және дамыту саласында, стипендиялық бағдарлама бойынша шетелдік және жергілікті компанияларда, қайырымдылық қорларда жұмыс істеп, көп тәжірибе жинаған.

- Қайырымдылық - ізгі ниетті және адамгершілікті қоғам белгісі. Мұқтаж балаларға көмектесу игі ісіне қатысқаным ол мен үшін үлкен бақыт.

alt
Махмутов Арслан
Жүйе әкімшісі


Жоғары техникалық білім, "Инженер-жүйе технигі"

Қор мен үшін кәсіби деңгейде мұқтаж балаларға көмек көрсету мүмкіндігі.
alt

Бекбергенов Марат Тимурович

хореография оқытушысы


Мараттың мамандығы - кәсіпқой биші, беріректе ол Алла Духованың ТОДЕС атты Алматы би мектебінің жеке орындаушысы және "Soulнышко" би жобасының қатысушысы. 2009 жылдан бастап № 9 сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта би сабақтарын жүргізеді. Мараттың оқушылары шығармашылықпен айналысып, әртүрлі сайыстар мен фестивальдарада жеңістерге жетіп өз жетекшілерін және Дара Қорын қуантып жүр.
alt

Ибраимов Асыл Баудынбаевич

футбол жаттықтырушысы


Асыл керең балаларға арналған №1 мектеп-интернатты бітірген, ал футболмен 13 жастан бастап шұғылданады. Футбол оның өмірлік ісі, және қазіргі уақытта Асыл Қазақ Спорт және Туризм Академиясының сыртай оқу бөлімінің студенті. 2004 жылдан бастап ол есту мүмкіншіліктері шектелген адамдар арасындағы футбол командасының жаттықтырушысы.

2009 жылдан бастап керең балаларға арналған №5 мектеп-интернат оқушылары командасымен жұмыс жасайды. Асыл өз қамқорлығындағы балалардың жетістіктері мен жеңістерін мақтан тұтады. Әсіресе №5 мектеп-интернатындағы өзінің дайындаған футбол командасының төрт ойыншысы спорт шебері атағына ие болғанда, Асылдың қуанышына шек болмады!

alt

Карл

Фотограф


Мен кәсіпқой фотографпын және менің "Дара" қорының волонтері болуға тілегімнің себебі балалардың өміріне қуанышты әрі бақытты сәттерді әкелген ең қымбат сыйлық, өйткені тамаша естеліктер ұзақ уақытқа олармен бірге қалады деп санайтыным болып табылады. Мен әркез өзім түсірген фотосуреттерге қараған сайын, мені сезімдер билейді де, мен жымиып күлемін, ата-аналар мен балалар да сондай сезімдерді кешетініне сенімдімін.
alt Мұсаханова Назира Зұлпұхарқызы
Су Джок терапия оқытушысы


Назира Зұлпұхарқызы - Алматы Мемлекеттік Медициналық Институты және Мәскеу Медициналық Генетика Институтының түлегі. Назира Зұлпұхарқызы Молекулярлық Медициналық Институтыңың жоғары категориялы дәрігер-генетигі. Сонғы 20 жыл бойы ол Су Джок терапиясымен айналысады.

Дәрігер Мұсаханова Дара Қорының жаңа жобасына қатысып, "Балбұлақ" емдеу орталығында Су Джок терапиясынан жүйелі сабақ өткізүде. Сабаққа пациенттердін ата-аналары, балалар және медицина қызметкерлері қатысады.

Назира Зұлпұхарқызының айтуы бойынша: "Дәрігер ретінде, қайырымдылық ісіне өз үлесімді қосқым келеді. Және қайырымдылықты Су Джок терапиясының негіздерінен бастауға шешім қабылдадым. Осыны пайдаланып әр адам дәрігерге дейінгі көмек көрсете алады, ауруға қарсы алдын ала шаралар қолданады және иммунитетін көтереді".
alt Қасымова Айгүл Хатауқызы
Музыка пәнінің оқытушысы


Айгүл Хатауқызы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің түлегі. Орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі және жеке ән оқытушысы. Жоғарғы категориялы ұстаз. Фортепианода ойнайды және домбра тартады. 16 жыл бойы білім беру мекемелерінде музыка жетекшісі болып қызмет атқаруда. Әртүрлі музыка байқауларының қатысушысы.

2012 жылдың күзінен бастап Дара қорының бенефициарлары - мамандандырылған "Жануя" кешенінің 2 сынып балаларына ән сабағын оқытуда.
alt Зарубаева Виктория Викторовна
Оқытушы-психолог


Виктория қиын жасөспірімдер деп аталатын ерекше балалармен тығыз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесінде" психолог болып еңбек етуде, атап айтқанда, психология сабақтарын, өзін-өзі тану және коммуникативтік дағдының дамытатын тренинтер өткізеді.
Әр баланы Виктория бірегей тұлға және даралық адам секілді қарастырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жумыс істегенді женіл деп айталмайды, бырақ бұл жұмыс өте қажет деп ескертеді. Психолог озінің оқушыларын табанды қалайы жас солдаттарым деп атайды! Ал "девиантты мінез-құлықты балалар", "шолжаң жасөспірімдер" дейтін терминдердін ар жағында қарапайым ілтипат, түсінушілік қажеттілік болатынына Виктория сенімді.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.