"15 000 теңге" акциясы » DARA foundation
KZ
RU
EN


"15 000 теңге" акциясы

"15000 теңге" акциясы бойынша демеушілерді іздеу жүргізілуде. Бұл демеушілік жоспар жақсылық жасауды қалайтын, бірақ оны қалай тиімді жасауды білмейтін адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалды. Ол үшін біз ҚР азаматтарының тұрақты жарналарына арналған платформа құрдық және ай сайынғы жарнаның мөлшерін 15000 теңге деңгейінде белгіледік. Қаражаттарды жинау Дәнекер жобасының пайдасына, атап айтқанда жетім балалар мен мүгедек балалардың сабақтарының ақысын төлеу үшін жүргізілуде. Аталған жобаны шеңберінде Қор балалармен арт-терапиямен, еңбек терапиясымен, театр-терапиямен, билермен, футболмен, гитарада, шахмат ойнау және салауатты өмір салты бойынша жұмыс жүргізеді. 15000 теңге акциясы бойынша екі демеуші дәрістердің бір түрінің бір айлық ақысын төлейді. Айман Аңдаспаева мен Әзиза Нәлібаева арт-терапия бойынша дәрістердің, Люба Пак және Маржан Құлажанова - гитара бойынша дәрістердің ақысын төлейді. Театр- терапия, еңбек терапиясы, салауатты өмір салты бойынша дәрістердің ақысын төлеу үшін сегіз демеушіні іздестіру жүргізілуде. Демеушінің қалауы бойынша демеушілік жарнаны ұлғайтуға мүмкіндік бар, мәселен, демеуші Мақпал Кәріпжанова екі мекемедегі билер бойынша дәрістерді түгелдей төлейді, Ланкастер групп компаниясы футбол бойынша барлық дәрістерді төлейді. Сондай-ақ, демеуші Владимир Брелевтің арқасында, желтоқсан айынан бастап шахмат бойынша дәрістер жоспарланып отыр.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.