2008 жылғы 19 қыркүйекте «Балақай» жобасының тренингі басталды » DARA foundation
KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


19 қыркүйек 2008
2008 жылғы 19 қыркүйекте «Балақай» жобасының тренингі басталды
"Дара" қорының "Балақай" атты әлеуметтік жобасы - бұл Алматы қаласының медицина мекемелеріне жәрдем көрсету жобасы. Жобаның басты міндеті жергілікті медицина ұйымдарының жарақталуын жақсарту және жергілікті медициналық кадрлардың білім деңгейін жоғарылату болып табылады.

19.09.08 бастап 30.09.08 дейін ҚР ДМ ПжБХҰО дәрігерлері Г.Т. Абдулаева мен Д.К. Саудабаева жаңа туған нәрестелерге периферия сосудтарына орталық тамыр катетерлерін (PICC) қою жөніндегі тренингтен өту үшін Вашингтонға іссапармен жіберілді.

PICC - перифериялық енгізілетін орталық катетерлер:

-тамырға ұзақ уақыт қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал мұның өзі қайталап тамыр пункциясын жасамауға мүмкіндік береді;

- катетердің икемділігінің арқасында салмағы аз мерзімінен бұрын туған балалар да оған жақсы шыдайды;

- шағын "қанаттарымен" және кіріктеріе салынған ұзартқышының арқасында сосуд қабырғасының зақымдану қатерін азайтады;

- рентгенконтрастты.

Оқу Ұлттық балалар медицина орталығында (4 күн) және Д. Вашингтон атындағы клиникада (1 күн) өткізілді. Дәрігерлер Г.Т. Абдулаева мен Д.К.Саудабаеваның іссапар есепхаттарынан: "Ұлттық балалар медицина орталығы - бұл Американың ең үздік клиникалары ондығына кіретін көп бейінді аурухана. Бұл жерде соматикалық, хирургиялық, онкогематологиялық патологиясы бар балалар жоспарлы түрде және жедел ем алады. Сондай‑ақ хирургиялық түзеуді қажет ететін жаңа туған нәрестелерге жәрдем көрсетіледі, денесінің салмағы өте аз (500 г.) сәбилерге күтім жасалады. Сонымен қатар, бұл дәрігерлерді, студент-медиктерді, практиканттарды, резиденттерді дайындау жөніндегі ірі оқу орталығы. Вашингтон қаласының Ұлттық орталығындағы практика біз үшін жаңа туылған нәрестелердің аман қалуы жөніндегі реанимация бөлімдерінің жұмысын жақсарту жағынан өте маңызды, көрнекі болды, ол балалардың мүгедек болуының және өлім‑жітімінінің азаюына әкелуге тиіс. Біз PICC артықшылқтары, оларды орнатуға көрсетімдер және қарсы көрсетімдер, PICC орнатудың ережелері мен техникасы және оларға мониторинг жасау тақырыбында дәрістерді тыңдадық. Жаңа туылған және денесінің салмағы өте аз балаларға жәрдем көрсету жөніндегі осындай тамаша тренингтен өтуге мүмкіндік берген

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.