Педиатрия ғылыми ортатығындағы балалар енді өздерінің сүйікті хабарларын көре алады » DARA foundation
KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


6 қараша 2008
Педиатрия ғылыми ортатығындағы балалар енді өздерінің сүйікті хабарларын көре алады
Қазіргі уақытта балаларға арналған емдік мекемелерінде кейбі тіпті жәрдем көрсету үшін ең қажеттінің болмай қалатыны жасырын емес, ал балалардың бос уақыты туралы ойланып жүргендер мүлдем аз. "Дара" жеке оры демалыс бөлмесін абаттандыру үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкогематология бөліміне арнап "LG" плазмалық теледидарын және оған арналған тұғырды сатып алып, табыс етті. Енді көптен күткен сыйлық балаларды емдеу процедураларының арасында және кешке қуантатын болады. Қазіргі заманғы медицина ақ қанды емдеуде біршама жетістікке жетті. Бүгіндері Қазақстанда лейкемия дертіне шалдыққан балалардың 75 пайызға жуығын құтқару мүмкін болып жүр. Бірақ бұл статистика бір мәнді емес. Адам организмі неғұрлым жас болса, ол соғұрлым оңай ем қабылдайды екен. Мысалы, он бір жастан басталатын жасөспірімдердің арасында науқастардың жартысы ғана қан ракынан емделіп жазылады екен. Ал ересек адамдардың тірі қалу көрсеткіші 25 пайыздан аспайды.

Қордың қызметкерлері балалардың қайғысына бей жай қалмайды, олар әрқашан көмекке келуге дайын. Балалардың ауруханада жататын уақытын неғұрлым жайлы ету үшін, "Дара" қоры ПжБХҰО ның онкогематология бөлімдеріне төрт диванды өтемсіз табыс етті. Бұл жұмсақ жиһаз интерьердің сәнін келтірге емес, медициналық процедураларды жеңілдетуге арналған. Санитаркалар кішкентай науқастардың керуеттерін тазалаған (өңдеген) кезде, балаларды басқа жазық бетке көтеріп жатқызуға тура келеді екен. Бұл жағдайда осындай дивандардың болғаны өте дұрыс. Олар ыңғайлы әрі олармен қызмет көрсету оңай, және металл каркасының арқасында оларды санитариялық тазалауға және өңдеуге болады.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.