Президенттің көмегі » DARA foundation
KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


19 қараша 2009
Президенттің көмегі
Настя Завидова ауыр тағдырлы адам болғанымен, жұлдызы жанған жан екен. Он жасар алматы тұрғынына елбасының өзі көмекке келді.

Бұл қыз "апластикалық анемия" атты аса ауыр ауруға шалдыққан. Мұндай диагноз миллион адамның бесеуінде ғана кездеседі. Мұндай аурудың салдарынан сүйек миы қан жасушаларының үш негізгі түрін өндіре алмайды. Өкінішке орай, біздің елімізде бұл ауруды емдеу әзірге мүмкін емес. 2006 жылдың шілде айында Настяның әжесі Людмила Алексеевна Денсаулық министрлігінің квотасын ала салысымен, немересін Минск қаласының Балалар гематологиясы орталығына емдеуге апарады. Қазіргі уақытта қыз екі операцияны өткерді. Ал үшінші операцияны жасауға қаражат табылмай қалған. Настяның тағдыры ауыр, шешесі одан бас тартқан, ал әкесі өз-өзіне қол жұмсап өлген. Қазір қызды әжесі өз қарамағына алған.

"Дара" Қоры қарашаның 13 күні "Елбасымен өткізілген тікелей эфирге" арнап балаларды дайындаған болатын және Настя туралы жеке сұраныс жіберген. Қордың президенті Ізбасарова Әселдің сөзіне сүйенсек, Настяның жағдайына аса маңызды болып табылады. Тіпті Минск емханасының бас дәрігерінің өзі баланы одан әрі емдемесе, оның өліп кететіндігін атап өткен.

Тікелей эфирдің барысында бағдарламаның жүргізушілері президентімізге осы қыз туралы әңгімелеп берді. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл оқиғадан хабардар екендігі анықталды. "Мен бұл оқиға туралы білемін, министрлікке арнайы тапсырыс берген болатынмын. Мен министрден осы істі жеке қарастыруын және маған есеп беруін сұраймын. Қызға көмектесу керек. Тез сауығып кетуіне тілектеспін", - деді елбасы тікелей эфирде.

Қазір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атсалысуымен Настяға кезекті операция жасалды. Дәрігерлер оның айығып келе жатқандығын айтады. Настя Завидова жақын арада Алматыға өз үйіне оралатынына кәміл сенеді.
Президенттің көмегі Президенттің көмегі Президенттің көмегі Президенттің көмегі Президенттің көмегі
Президенттің көмегі Президенттің көмегі Президенттің көмегі * *

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.