Жас Футболшылар Жарысқа Дайын » DARA foundation
KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


22 қазан 2012
Жас Футболшылар Жарысқа Дайын
Жаңа оқу жылы басталды. Дара Қоры 2009 жылы басталған ұзақ мерзімді жобасын жалғастыруда, соның бірі №5 есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне арналған футбол үйірмесі. Футбол алаңын салу, тренердің айлығы, команда мүшелерінің құрал жабдықтары, футбол турнирлеріне қатысуға кеткен қаржыландыру осы жобаға тиесілі. Жобаның табыстылығы оның тұрақтылығында, жетістікке жетуінде және Дара Қорының бенефициарлары, 11 - 17 жас аралығындағы футболдан спорт үйірмесіне қатысып, футбол алаңында өтетін әр жаттығуды асыға күтетін 24 балалар. Оларды жаттықтыратын Асыл Ибраимов.

Балалар өмірінде Асыл үлкен рөл атқарады, себебі ол да бала кезінде құлағы естімейтін және нашар еститін мектеп-интернатында тәрбиеленген, сондықтан бәрінен бұрын Асыл олардың жағдайын түсініп, олармен жұмыс істей алады. Асыл әлі де футболшы және уақытылы жарыстарға қатысып тұрады. Осы жылдың қазан айының аяғында өткен Асыл ойнайтын футбол командасы, ҚР-ның мүгедектер арасындағы футбол чемпионатында 2 орын иеленді.Әрине, Асылдың оқушылары бапкерлерінің жетістігін мақтан тұтады. Бірақ балалардың өздері де жетістіктерімен мақтана алады, олардың ішінде команданың кейбір мүшелерінің "спорт шебері кандидаты" атағына ие болу үшін кандидат екендерін атап өтуге болады. "Дара" бенефициарлары уақытылы жастар арасындағы футболдан достық матчтарға, республикалық жарыстарға қатысып тұрады. Барлық іріктеу турларынан жақсы өнер көрсетіп біздің футбол командамыз 2013 жылы наурыз айында өтетін республикалық жастар арасындағы футбол жарысына жолдама жеңіп алды. Және қазір балалар осы жауапты жарысқа жақсылап дайындалуда. Біз алаңға келгенде жаттығу қызу үстінде жүріп жатты. Бапкердің командасы арқылы балалар жаттығуды тоқтата тұрып бізбен амандасып, қайтадан жаттығуға кірісті. Жас спортшылар әр түрлі жаттығулар жасады, допты беруді, футбол техникасын үйреніп, жылдамдық, күш секілді футболдың дене даярлығық жақтарын жетілдірді. Асыл ерекше назарды балаларға жаттығу таңауға бөлді, олардың орындалуына көңіл аударды. Бірден көзге түсетіні бапкер Асылмен балалардың бірін бірі өте жақсы түсінуі, олар ымдап сөйлеседі, ал балалар бапкердің кеңестері мен тапсырмаларын бұлжытпай орындайды. Сіздердің назарларыңызға сол жаттығу кезінде жасалған бірнеше суреттерді ұсынамыз. Сонымен бірге, №5 арнайы мектеп-интернатының 2012-2013 оқу жылының 24 жас футболшыларының тізімі берілген.

Жас Футболшылар Жарысқа Дайын


Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын
Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын Жас Футболшылар Жарысқа Дайын

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.