Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы » DARA foundation
KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


14 желтоқсан 2012
Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы
2012 жылдың қараша айында "Балақай" жобасымен, Дара Қорының ұйымдастыруымен Киев қаласындағы орталық нерв жүйесінің аурулары бар балаларға арналған Украиндық оңалту орталығында екі дәрігер біліктілікті көтеру курсын өтті. Олар "Балбұлақ" Республикалық балаларға арналған оңалту орталығының дәрігерлері Кизатова Әсия және Тұяқова Назым. Оларға "Войта-терапия" және "Бобат-терапия" оқу әдісі бойынша кезекті 1-айлық біліктілікті көтеру курсын өтуге жолдама берілді. Ескертетін болсақ, бірінші жолдама осы жылдың наурыз айында берілген болатын.
Енді дәрігерлер Кизатова және Тұяқова өз машықтарын өздерінің әріптестерімен бөлісіп, мастер-класстар өткізеді. "Балбұлақ" орталығының басшылары алдағы уақытта консультация беруді жоспарлап отыр. Өйткені арнайы "Войта терапия" және "Бобат терапия" әдісін оқып келген мамандар Қазақстан бойынша тек қана "Балбұлақ" мекемесінде бар. Қазіргі уақытта "Балбұлақ" орталығында кішкентай емделушілермен жұмыс жасау үшін арнайы мамандандырылған кабинеттер іске қосылуда.
Бобат терапевттің көптеген ақыл кеңестерін ерекше атап өтуге болады, олар: өз-өзіне белсенді көмектесу машығы, нұсқауды мүлтіксіз орындау, педагогтың кеңесі,психиатр және ортопедтің кеңесі. Науқастарға келесі кеңес беріледі: дұрыс қозғалып жүру, жоғарытылған тонусты басу, көру қозғалыс координациясын қалыптастыру, қозғалыс техникасын дұрыс қолдану, нұсқаулардан кейiн ынталандыру және мадақтау, ойыншықтармен жұмыс жасауды үйрету және қол үйлестіру координациясын қалыптастыру. Мақсат-алынған қозғалыс тәжірибесі негізінде балаға қозғалысқа үйренуге мумкіндік беру, өзін өзі қалыптастыруға көмектесу. Маңыздысы - ата-аналар баланың даму терапиясына ең басынан қосылады, сондықтан баланың меншікті бастамасы және дербес әрекеттері кеңейеді.
2013 жылдың көктемінде оқу жоспарына сәйкес осы дәрігерлер келесі біліктілікті көтеру курсын Киев қаласында өтулері тиіс.
2 маусымда "Сезон" журналының ұымдастыруымен "FAVOR Fish & terraza" мейрамханасында өткен қайырымдылық шарада жиналған қаражаттардың көмегімен, осы курстар өткенін ерекше айта кеткен жөн. Осы маңызды жобаның жүзеге асуына демеушілік еткен барлық демеушілерге алғысымыз шексіз.

Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы
Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.