«Адам және оның денсаулығы» » DARA foundation
KZ
RU
EN

Жаңалықтар мен оқиғалар


25 қараша 2008
«Адам және оның денсаулығы»
Қарашаның соңғы күндерінде Санкт-Петербургта "Адам және оның денсаулығы" тақырыбында төрт күнге жалғасқан конгресс болып өтті. Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ атынан "Балақай" жобасының шеңберінде бас дәрігер Шейнбер Аркадий Борисович біліктілігін жоғарылатуға жіберілді. 26 қарашада "Санкт-Петербург" отелінде "Травматология мен ортопедиядағы жаңа технологиялар" атты ғылыми практикалық конференция болып өтті. Сонымен қатар, Шейнбер А. Б. хирургия, травматология, протездер, ортездер, дәрілік препараттар бойынша қазіргі заманғы технологиялар мен өнімдер ұсынылған халықаралық көрмеде болып қайтты. Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ "Адам және оның денсаулығы" съезіне баруға жол шығынын жеке төлеген Дара қорына алғысын білдірді.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.