Балакай » DARA foundation
KZ
RU
EN


«Балақай» жобасы

"Балақай" жобасы бұл Алматы қаласының медицина мекемелеріне жәрдем көрсету жобасы.

Жобаның басты мақсаты жергілікті емдеу мекемелерінің медициналық жарақталуын жақсарту және жергілікті медицина кадрларының білім деңгейін жоғарылату болып табылады.

Жұл жобаның желісімен Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ екі реаниматолог дәрігері Children’s National Medical Center (CNMC, Washington, DC) мекемесінде тағылымдамадан өтті (US News and World Report CNMC мәліметтері бойынша жыл сайын ол АҚШ тың ең үздік педиатрия клиникаларының ішінде бірінші орынға ие болады).

Сондай ақ Қор "Балбұлақ" Оңалту Орталығының және Педиатрия ҒЗИ дәрігерлерінің әр түрлі оқыту семинарларына қатыстыру бойынша көмек көрсетті.

Сонымен қатар осы жобаның шеңберінде Қор Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ реанимация бөлімін жарақтандыру жағынан да жәрдем беріп келеді. Оның жәрдемі жаңа туылған нәрестелердің реанимация бөлімін перифериялық жолмен кіргізілетін орталық катеторлармен (PICC - peripherally inserted central catheter) жарақтандыруға бағытталған. Жоба дүниеге жаңа келген балалардың арасындағы өлім жітімді азайту мақсатын көздейді.

Қазіргі уақытта тоғыз айға жетпей туылған, денсаулығында қиындықтары бар нәрестелердің өмірін қолдау үшін бұғана астына кіргізілетін катетерлар қолданылады, ал оларды пайдаланудан баланың денсаулық жағдайы ауырлап қана қоймай (тіпті оның өкпесі мен жүрегіне зақым келеді), сондай ақ тоғыз айға жетпей туылған нәрестелердің салмағының аз екенін және қиын жай күйін ескерсек, олар өте инвазивті. Педиатрия ҒЗИ басшылығы айына жетпей туылған, қарқынды реанимация бөліміне келіп түсетін балалардың арасында өлім жітімнің жоғары болуына алаңдап отыр.

"Дара" Қоры АҚШ тың жетекші клиникаларының: Children's National Medical Center (CNMC, Washington, DC) және Children's Hospital at Yale-New Haven (Yale University) жаңа туылған нәрестелердің қарқынды реанимациясы бөлімдерінің меңгерушілерінен кеңестеме беруін өтінді.

Олар PICC (перифериялық жолмен кіргізілетін орталық катетерлар - peripherally inserted central catheter) пайдалануға кеңес берді, олар:

*тамырға ұзақ уақыт қол жеткізуге мүмкіндік береді, мұның өзі тамырға қайталап пункция жасамауға жол ашады

*шағын "қанаттарымен" ыңғайлы бекітілуінің және кіріктірілген ұзартқшының арқасында тамыр қабырғасына зақым келу тәуекелін азайтады

*катетердің икемді болуының арқасында (катетер жоғары термо сезгіш полиуретаннан жасалған, ол оңай кіргізіледі, бірақ енгізгеннен кейін тез жұмсарады) тіпті айынан бұрын туылған салмағы аз нәрестелер де оған жақсы шыдайды

*рентген контрастты

PICC мемлекеттік сатып алудың қиындығы мынада: PICC сияқты заманауи жұмсау материалдары Қазақстан аумағында тіркелмеген. Жыл сайын реанимация бөлімдері 150-160 PICC жинағына мұқтаж болып отырады.


Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

"Балақай" жобасының жаңалықтары мен оқиғалары

14 наурыз 2014
RBS-тен балаларға медициналық жабдық
Наурыз мерекесіне қарсы "Дара" Қорының екі қамқорлыққа алынған мекемесі балалардың емделуіне керек медициналық жабдық алуына көмектесті. RBS (Kazakhstan) банк демеушілік ретінде "Балакай" жобасына 1,937,500 теңге ақша бөлді.

5 сәуір 2013
Войта-терапия және Бобат-терапия кабинеттері
Дара Қоры "Балақай" жобасымен ұйымдастырған "Балбұлақ" Республикалық балаларға арналған оңалту орталығының дәрігерлерінің Украинада өткен стажировкаларынан кейін, Балбұлақта кішкентай пациенттерге арналған екі арнайы мамандандырылған кабинет іске қосылды

14 желтоқсан 2012
Дәрігерлердін Бобат- және Войта Терапия курсы
2012 жылдың қараша айында "Балақай" жобасымен, Дара Қорының ұйымдастыруымен Киев қаласындағы орталық нерв жүйесінің аурулары бар балаларға арналған Украиндық оңалту орталығында екі дәрігер біліктілікті көтеру курсын өтті. Олар "Балбұлақ" Республикалық балаларға арналған оңалту орталығының дәрігерлері Кизатова Әсия және Тұяқова Назым.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.