Дэнекер » DARA foundation
KZ
RU
EN


«Дәнекер» жобасы

"Дәнекер" - бұл жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелерге көмек беру жобасы. Бұл жобада "Дара" Қоры балалар мекемелері мен демеушілік көмек көрсеткісі келетін адамдар немесе компаниялар арасындағы делдал болып табылады. Балалардың мұқтаж заттарын айқындап, "Дара" Қоры демеушілер назарын қаржылай немесе материалды түрде көмекке көрсетуге аударады.

Осы жоба аясында "Дара" Қоры төмендегі мекемелерді қамқоршылыққа алды:
  • Құлағы нашар еститін балаларға арналған №1мектеп-интернаты
  • Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернаты
  • Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесі
  • Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернаты
  • Мамандандырылған жетім балаларға арналған "Жанұя" кешені
Бұл жобада "Дара" Қоры осындай балалардың қоғамға араласуына айқын қадамдар жасауға талпынады. Қазақстанда бұл балалар қоғамның бір бөлігі болмастан, өздерінің кішкентай бірлестіктерінде өсіп, сонда өмір сүруде. Болашақта олардың көбі еңбек қызметінде қиындықтарға тап болады, себебі олар қажетті дағдыға ие болмайды. Бұл балалардың таңдайтын мамандықтары шектеулі, мысалы, есту қабілеті төмен мектеп-интернатты бітіруші ер балалар көбінесе аяқ киім жөндеу шеберлері, ал қыздар тігінші болып қызмет атқарады. Сондықтан Дара Қоры осындай балалардың болашақта таңдайтын мамандықтарына ықпалын тигізу мақсатында, олардың бос уақытта айналысатын әуесқойлығын жетілдіруге талпынады. Оның үстіне бұл зиянды әдеттерден және жаман әсер етуден айналдыруға ықпал етеді, себебі сабақ аяқталғаннан кейін мұндай мекемелердегі балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндіктері жоқ.

Сондықтан, бұл жобаның жұмысы келесі бағыттарға негізделген:
  • Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға бос уақытта сабақ жүргізу: би және футбол сабақтары, еңбек терапиясы, арт-терапиясы, театр-терапиясы, құмға сурет салу, тәртібі қиын жетім балаларға топтық психологиялық семинарлар;
  • Дара Қорының сабақтарын өткізуге қажет жағдайы нашар мемлекеттік балалар мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары инфрақұрылымдық жобалар.
1. Қазіргі таңда 2012 жылы Дара Қоры төмендегі бос уақытын тиімді пайдалану сабақтарын жүргізуде:

А.Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатының балаларына футбол сабақтарын жүргізу. Ибраимов. 2012 - 2013 оқу жылындағы футбол үйірмесіндегі балалар саны - 24. Балалардың жасы - 11 мен 17 жас аралығында (5-11 сынып)

Б. Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернаты балаларына арналған би үйірмесі. Би мұғалімі - Марат Бекбергенов. Топ саны - 2 (бастауыш топ және "NINE PLANET" концерттік топ). 2012-2013 о.ж. балалар саны - 18. Балалардың жасы 14 - 17 жас аралығында.

В. "Жанұя" мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілерімен хормен ән салу сабақтары. Музыка мұғалімі - Қасымова Айгүл Хатауқызы. 2012-13 оқу жылындағы балалар саны - 11. Сынып 2-А. Балалардың жасы - 7 - 9 жас аралығында.

2. Дара Қоры төмендегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды:

1) Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатының балаларына футбол алаңын салу

2) Алматы қаласының "Жастар үйі" әлеуметтік мекемесінің түлектеріне және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесінің тәрбиеленушілеріне 2 компьютерлік сыныпты интернетпен қамтамасыз ету.

3) Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатының балаларына әжетхана және душ бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

4) Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында әжетхана бөлмесін жөндеу

5) Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернаты асханасының шатырын жөндеу жұмыстары.

6) Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатына қоршау салу.

7) Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесінің релаксация бөлмесін жөндеу және жабдықтау жұмыстарын жүргізу.

8) Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернатының акт залына арнайы айналар және би үйірмесіне қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз ету.

9) Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесіндегі би студиясын жабдықтау.

10) Мамандандырылған "Жанұя" кешеніндегі 2 демалу бөлмелерін жабдықтау.

11) А.Н.Сызганов атындағы Ұлттық Хирургия ғылыми орталығындағы ойын бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу және жабдықтау.

12) Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми зерттеу институтының ойын бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу және жабдықтау.

13) Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатындағы әжетхана бөлмесін жөндеу жұмыстары.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

"Дәнекер" жобасының жаңалықтары мен оқиғалары

1 желтоқсан 2013
Йога сабақтары
"Дара" Қорының қарамағындағы "Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернатында" өткізілетін жоба - йога сабақтары сәтті өтуде. Бұл оқыту-тәрбиелеу мекемесі әртүрл

22 қараша 2013
Жас өспірімдерге арналған психологиялық семинарлар
"Дара" Қоры Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесінің тәрбиеленушілеріне психологиялық семинарлар өткізуді жалғастырады. Қауіп-қатер тобына кіретін девиантты мінез-құлықты шолжаң балалармен психолог Зарубаева Виктория жұмыс істейді. Осы жобаның демеушісі Шеврон компания екенің еске саламыз.

15 қараша 2013
alt
"Дара" Қоры әрқашан да бенефициарларының табыстарымен мақтаныш етеді. Бүгін біз қуанышты хабар естідік - Сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған № 9 арнайы (түзету) мектеп-интернатыныңдағы бес мәрте
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.