Мереке » DARA foundation
KZ
RU
EN


«Мереке» жобасы

Алматы қаласының медицина мекемелерінде ұзақ уақыт емделіп жатқан балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру үшін "Дара" қоры "Мереке" жобасын ұсынып бастама көтерді. Жобаның мақсаты науқас балалардың неғұрлым тиімді оңалуы мен сауығуы үшан олардың бос уақытын ұйымдастыру мүмкіндігін жақсарту болып табылады. Бұл жобаны Қор мына ұйымдар үшін жүргізіп отыр:

- Онкология және Радиология ҒЗИ (Балалар бөлімі)

- Республикалық "Балбұлақ" Оңалту орталығы

- Педиатрия және Балалар Хирургиясы ҒЗИ (Онкогематология бөлімі)

Бұл мекемелерде ракқа қарсы химиялық ем алып жатқан балалар, сондай‑ақ нерв жүйесі мен психикасы органикалық зақымдалған балалар тұрады.

Бұл мекемелерде ұзақ уақыт емделіп жатқан көптеген балалар іс жүзінде жарық дүниеге келген күннен бастап төсек тартып қалған немесе аурухананың кестесі бойынша өмір сүреді. Процедуралар, ауруханалар, дәрігерлер - бұл олардың күнделікті өмірі. Соның салдарынан олардың көбінің балалық шағы жоқ десе болады. Балалардың көпшілігі мүгедек, сөйтіп олар өз бетімен жүре алмайды (кейбіреуінің қолы не аяғы ампутацияланған). Оның үстіне, олардың көбі Қазақстанның шалғай аймақтарында әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан. Бұл балалардың қуанатын, балаша ойын ойнайтын күні аз. Алматыға келгеннен кейін, бұл балалар аурухана аумағынан шыға алмайды, ал ауруханалардың басшылары олардың эмоциялық және психикалық жай‑күйін одан әрі жақсарту үшін бос уақыттарын тиісті түрде ұйымдастыра алмайтынына өкінеді.

Қор бұл балаларға көңіл‑күйін көтеруге, аурухана кестесін бір сәт болса да ұмытуға, жаңа жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік жасағысы келеді. Бір сөзбен айтқанда, барлық балалар сияқты көңілденуіне жағдай туғызғысы келеді.

Жоба осындай балалардың эмоциялық‑психикалық жай‑күйін жақсартуға да бағытталған. Бос уақытта ұйымдастыру бағдарламасы аналарға өз балаларын жаңа ортада, ауруханалар мен аурухана процедураларынан бос жағдайда көруге мүмкіндік береді. Циркачтардың келуі, қуыршақ театрына немесе хайуанаттар бағына бару осындай балалардың аналары үшін елеулі маңызы бар оқиға болып отыр.

Осыған орай Қор балалардың бос уақытын өткізу бағдарламасын әзірледі, оған мына іс‑шаралар кіреді:

1) Ай сайын аниматорларды, клоундарды шақырып, хайуанаттар қатысатын көрсетілімдер қойып мереке өткізу. Мереке кезінде балаларға түрлі сыйлықтар мен тәттілер беріледі. Қорға берілген жеңілдіктердің, сондай‑ақ қаражатты тиімді пайдаланудың арқасында мерекенің бюджеті үлкен емес, сөйтіп ол көптеген демеушілер үшін қиынға соқпайды.

2) Ай сайынғы турлар (Алматы Хайуанаттар бағына, Циркке, Қуыршақ Театрына, Алматы қаласының ең көрікті жерлеріне бару). Турлар медициналық көрсетімдер бойынша тасымалдауға болатын балаларға арнап қана өткізіледі.

3) Демалыс бөлмелерін жарақтау (жиһазбен, техникамен, кітаптармен, DVD дискілермен, ойыншықтармен)

Бұл жоба шеңберінде Қордың әріптесі болып Almaty International School қатыстып отыр. Бұл мектеп қайырымдылық негізінде автобустарын, шоферларын және бензинді ұсынып отыр.

Дара Қоры басқа ұйымдар мен компанияларды "Мереке" жобасына қатысуға шақырады.


Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

"Мереке" жобасының жаңалықтары мен оқиғалары

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.

17 наурыз 2014
Ауруханалық клоундар Онкология ҒЗИ-нда
Онкология және Радиология Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтында емделіп жатқан балалар үшін 17 наурыз керемет күн болып шықты, себебі оларға Қазақ Мемлекеттік Цирктең келген арнайы ауруханалық клоундар мен цирктің басқа әртістері - акробаттар, үйретушілер, сиқыршылар мен жонглерлер келді.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.