Жобалардың әріптестері » DARA foundation
KZ
RU
EN


Жобалардың әріптестері

altСалтанатты 5-жұлдызды RIXOS Алматы қонақ үйі Алматы қаласының ортасында, Никольский соборынан 1км жерде орналасқан. Қонақ үй қонақтарының қызметіне Ғаламторға тегін қосылу мүмкіншілігі қарастырылған қазіргі заманға сай бөлмелер мен бассейні бар спа-орталығы ұсынылады.
RIXOS Алматы қонақ үйі, 2011 жылдың тамыз айында өткен 6-шы Халықаралық Қайырылмдылық Мұнайшылар Гольф Турнирын ұйымдастырғандағы "Дара" Қорының серіктестерінің бірі болып табылды.


alt

Керемет 5-жұлдызды "ИнтерКонтиненталь Алматы" қонақ үйі Алматы қаласының әкімшілік орталығында, Президент Резиденциясының және Республика алаңының жанында орналасқан.
Қонақ үйдің стильді бөлмелері жібек маталарымен безендірілген және мәрмәр ванна бөлмерелімен жабдықталған. Әр нөмірде тегіс экранды теледидар және кабельдік каналдар, мини-бар және жоғары сапалы дивандармен жабдықталған қонақ бөлмелері бар. Қонақ үй қонақтары Asian кафесінде дәмді таңғы астан және интернационалдық тағамдардан дәм татуына болады.
ИнтерКонтиненталь Алматы қонақ үйі әр қонаққа жеке ыңғай тауып, жоғары сапалы қызмет көрсетіп және тәуліктік күзет қамтамасыз етеді.
ИнтерКонтиненталь Алматы қонақ үйі, "Дара" қорының қамқорлығындағы медициналық ұжымдарда ем алып жатқан не болмаса мектеп-интернаттарда оқитын балар үшін ұйымдастырылатын мерекелерге арнап керемет тәтті торттар ұсынады.
ИнтерКонтиненталь Алматы қонақ үйі, 2012 жылдың тамыз айында өткен 7-шы Халықаралық Қайырылмдылық Мұнайшылар Гольф Турнирын ұйымдастырғандағы "Дара" Қорының серіктестерінің бірі болып табылды.


alt

DHL компаниясы жедел-жеткізу, теңіз, әуе, жер үсті тасымалдау, халықаралық пошталық жіберілімдерді жеткізу, логистика және жеткізілім тізбегін ұйымдастыру саласында мол тәжірибесі бар. DHL компаниясының жүйесі дүние жүзінің 220-дан астам елдерін қамтиды, ал оның қызметкерлері өз қызметтерінің жылдамдылығы мен сенімділігімен Сіздердің үмміттеріңізді ақтап және таң қалдыру үшін бәрін істейді.
DHL компаниясы, "Дара" қоры бастаған "Дәнекер" жобасының тұрақты демеушісі болып табылады, және осы жоба бойынша, олар "Жанұя" арнайы кешенінің ең кішкентай оқушыларын қамқорлықтарына алды. Әр сенбі сайын Компания қызметкерлері балалармен бірнеше сағат өткізеді: онайды, сурет салады және оларға арнап мерекелер ұйымдастырады, ал кейде мектеп аймағында сенбілік жинау жұмыстарын ұйымдастырады. Олар ешқашан құр қол келмей, балаларға нәр-түрлі тәттіліктер мен сыйлықтар алып келеды. Ал туған күн иелері үшін олар үлкен торт пен сыйлық алып келеді. Рахмет саған DHL!!!


alt

"БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО ҚАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ" ЖШС ("БАТ Қазахстан") - 15% жуық ғаламдық нарық үлесі бар екінші халықаралық темекi компаниясы "Бритиш Американ Тобакко" компаниялар Тобының бөлiмшесi болып табылады.
"БРИТИШ АМЕРИКАН ТОБАККО ҚАЗАХСТАН ТРЕЙДИНГ" ЖШС біздің "Дәнекер" жобамыздың демеушісі болып табылады. Осы жоба бойынша, № 5 мектеп-интернаттың шомылатын бөлмесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


alt

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры" Қоғамдық Қор 2000 жылы құрылған бейкоммерциялық ұйым.
Қор қызметінің негізгі мақсаты қазакстандық мемлекеттіліктің, патриотизмнің, қазақстандық қоғамның бұдан арғы демократиялануының нығайуына, Қазақстан Республикасының мәдени, экономикалық және саяси салаларындағы халықаралық қарым-қатынастарының дамуына көмектесу болып табылады. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры" Қоғамдық Қор "Жетімдерсіз Қазақстан" және "Кардиохирургия" жобалары бойынша "Дара" Қорының серіктесі болды. Оның үстіне, 2009 жылы наурыз айының 18-19 аралығында өткен бесінші Әлеуметтік Идеялар және Жобалар Жәрменкесінде, "Халық денсаулығы - Қазақстан дәлеттілігі!" номинациясы бойынша, "Дара" Қоры 420,000 тенге соманы құрайтын Тұңғыш Президент Қорының грантын ұтып алды.


altColgate-Palmolive ұлт аралық компаниясы, біздің денсаулығымыз бен сұлулығымызды сақтап қалуға көмектесетін, көпшілік қолданатын тауарларды өндіру және сату саласындағы дүниежүзілік лидер болып табылады. Өнімдер дүние жүзінің 200-ден астам елдің тұтынушылары арасында танымал болды.
Colgate-Palmolive компаниясы, "Дара" қоры ұйымдастырған қайырымдылық акцияларына бірнеше рет қатысқан болатын. Сөйтіп, Colgate-Palmolive компаниясы, "Бақыт жолы" атты жыл сайынғы қайырымдылық марафонының бастамашысы болды. Марафон 2011 жылы мамыр айының 21 жұлдызында өтті.Осы марафон арқасында, 2011 жылдың күзінде, "Дара" қоры "Жанұя" арнайы кешенінің бірнеше бөлмелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, оның үстіне, осы марафон арқасында, 2011 жылы 26 маусымнан 2 шілдеге дейін, Словакия мемлекетінің Прешов қаласында, 16 жасқа дейінгі керең балалар арасындағы XIX Халықаралық мини-футбол турнирі өтті.


alt"О Kazakhstan Lottery Service" компаниясы 2004 жылдың сәуір айында онлайн лотореясын құру арқылы пайда болған. Ол танымалдылығы жөнінен әлемде сенсация жасады. 2009 жылдың 30 қарашасында маркетингтік сараптаудан кейін "Супер Лото" лотореясының ашылу салтанаты болды.
Сатылым процессінен бастап нәтижелерін тексеруге дейінгі процесстің барлығы онлайн жүйесінде өңделеді. "Супер Лотоның" жүйелік қамсыздандырылуы ІТ облысындағы лидер компания болып саналатын SAMSUNG SDS-пен серіктес. Лотореялық терминалдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету халықаралық кореялық KLS компаниясының құрылымына кіреді. Жоғары кәсіби мамандар да "Супер Лото" жобасына атсалысып жүр.
Бұл күнге дейін "Супер Лото" билеттері Қазақстанның 7 облысында: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Семей және Таразда 957 сауда нүктелерінде сатылады. 2010 жылы Павлодар, Атырау және т.б. қалаларда ашылды. Өзге қалаларда да сауда желілерін ашу жоспарлануда.

www.superlotto.kz



alt"Astana-Plat" ЖШС-нің негізгі стратегиялық қызметі Қазақстан нарығындағы төлемдік жүйе мен электронды коммерцияны кешенді программалық-технологиялық шешімдер арқылы дамыту. Бұл жақын және алыстағы шетел халықтарының төлемдерін қабылдауға да септігін тигізеді.
Сонымен қатар, "Astana-Plat" ЖШС қайырымдылық қорларына серіктес болып табылады. Біздің себепкер болуымызбен "Дара" қайырымдылық қорының барлық ақша аударымдарын "Касса 24" терминалдары арқылы аударуға көмектестік. Терминал көмекке зәру жандарға ақша аударылымы кезінде комиссияға ақша талап етпейді.

www.kassa24.kz


alt"Resmi" компаниясы жыл сайын "Дара" қайырымдылық қорының іс-шараларына қатысады. Жаңа жыл мерекесінде қордың мекемелерінде балаларға арнап жаңажылдық сыйлықтар үлестіреді. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы жетімдерге арналған "Күлкі күні" мерекесінде сусындар мен арнайы тағамдарды да аталмыш компания шығарады.
"Resmi" компаниясының бір тобы инвестициялық компаниялардың мажоритарлық типімен айналысады. Ол Қазақстанда, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанда жұмыс жасайды. Аталған компания үлгілі лидер-компаниялардың санатына жатқызылады. Билік жүйесі мен операциялық, қаржы, заң және экономика саласында инвестициялық жүйесін көрсетеді.

www.resmi.kz


altҚазақстандық "АБДИ" компаниясы "Дәнекер" жобасында бой көрсетіп жүр. Компания жетім балаларға жазу-сызу құралдарын тегін таратады. Жалпы, аталмыш компания оқу құралдары мен кеңсе тауарларын өндіреді. 1994 жылы негізі қаланған. Бүгінгі таңда 26 фирма дүкендерінде 800 адам жұмыс істейді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде ондаған филиалдары бар.
1994 жылдың қыркүйек айында құрылған компания бүгінгі таңда Қаақстандағы ең ірі өндіруші компания. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанның ауыр жағдайына қарамастан құрылған болатын. Осы тұста ешқандай жабдықтаушы болмаған, ақша айналымы өзгеріске түскеннен кейін бизнес саласында оның ешқандай бәсекелестері де болмады. Мектепке арналған дәптерлерді ғана шығарып бастаған компанияның өніміне сұраныс артқаннан кейін басқа да тауарларды өндіруге көшті. Сөйтіп, Қазақстан бойынша сауда желілері де көбейе берді. Сервистік қызметтер мен тауар ассортиментінің жыл сайын өсіп отыруы "АБДИ" компаниясының Қазақстан нарығындағы беделін өсірді.

abdi.kz

Portofino

alt

Астаналық итальян мейрамханасы "Кардиохиргия" қайырымдылық қорымен бірге қайырымдылық шараларын өткізіп жүр. Мейрамхана өз залдарын "Дамиани" зергерлік үйінің мерекелік іс-шараларын өткізуге тегін беріп жүр.


"КИДО" медицина-психологиялық орталығы

alt"КИДО" медицина-психологиялық орталығының іске қосылған уақыты 2006 жылдың наурыз айы. Екі жарым жылдан аса уақыт бойы индивидуалдық консультация, тренингтер мен семинарлар өткізіп келе жатыр. Психотерапиялық әйелдер тобы 2007 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді. Балалар риторикасына арналған тренингтер, арттерапиялар, мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларға арналған тренингтер өткізіліп жүр. Бұл орталыққа денсаулығының физикалық ақаулары бар адамдар, психологиялық ауытқуға ұшырағандар да жиі келеді. Психология бөлімінде оқып жүрген студенттерге арналған тренингтер мен семинарлар, компания басшылығына, стресс-менежменттеріне, отбасылық жұптарға арналған тренингтер де ұйымдастырылып тұрады.
"Мереке" жобасы бойынша "Кидо" психологиялық орталығы "Қуаныш сәттері" деп аталатын науқас балалар мен девианттық тәртіптегі балаларға тегін психологиялық сабақтар мен сессияларды өткізіп тұрады.

www.kido.kz


ДАРУС

alt"ДАРУС" медециналық орталығы - Қазақстандағы лазерлік косметология мен эстетикалық медицина бойынша жетекші клиникалардың бірегейі. Астана қаласында Қазақстандық эстетикалық медицина Ассоциациясының филиалы жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта емханада 20-ға жуық мамандар қызмет етеді. Олардың әрқайсысы Германия, Италия, Франция және Испания елдерінде жұмыс тәжірибесінен өткен.
Негізгі бағыты - лазерлік хирургия мен эстетикалық косметология. "Дарус" медициналық орталығы "Дара" қайырымдылық қорынының "Балақай" жобасына да қатысады. Орталық тегін лазерлік өңдеу жұмыстарын жасаумен қатар, балалардың денесінде пайда болған жаралар мен тыртықтардың ізін өшіру амалдарын жасайды.

www.darus.kz


КазИнвестБанк


altКазИнвестБанк бұрыннан бері "Дара" қайырымдылық қорының тұрақты демеушісі болып келе жатыр. КазИнвестБанк 1993 жылы құрылды. 2004 жылдан бастап банк коммерциялық банк ретінде жылдам қарқынмен дами бастады. Банк қызмет көрсетулеріне лайықты барлық лицензияның түрлеріне ие.
Бүгінгі таңда аталмыш банк Қазақстандағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан банктерің бірі болып есептеледі. Банктің пайда болған кезінен бастап 2004 жылдан бастап 2006 жылдың 1 желтоқсанына дейін белсенділігі 8 миллионнан 170 миллион АҚШ долларына дейін өсті. Банктің жеке капиталы 7-ден 74 миллтон АҚШ долларына дейін өскен.
КазИнвестБанк батыстың қаржы институттарында тәжірибе жинақтаған үлкен команданы басқарып отыр. Олар Қазақстандағы Халық Банкі, АТФ Банк, Темірбанк сияқты шетелдің ең беделді Citigroup, ABN Amro Bank, AIG, ING банктерінде кәсіби іс тәжірибесінен өткен. Мамандардың біліктілігі арқасында банктің қызмет көрсету сапасы өте жоғарғы деңгейде болып отыр.

www.kib.kz


ЕРСАЙ


altКомпания Италиядағы Сызғанов кардихирургиялық медицина тренингі дәрігерлерінің жүрек ауруына шалдыққан балаларға көмек жобасы аясына демеушілік етеді.
"ЕРСАЙ" 50/50 принципі бойынша Қазақстанның "ЕРС Холдингз" компаниясымен Италияның "Сайпем" компаниясының бірігуінен құрылған ортақ серіктестік.
Каспий теңізі секторындағы мұнай және газ саласындағы алдыңғы орындағы компаниялардың бірі. Ол теңіз құрылысы, инжиниринг, металлоконструкция және логистикалық қызметтерге тапсырыс берушілерге өте сапалы қызметті ұсынады.
Верфидің жыл бойына 35.000-40.000 тонна металлоконструкция өнімін шығарады. Өндіріс аумағы 750 м жерді алып жатыр. Бүгінгі таңда компанияда 2000 жұмысшы еңбек етеді.

www.ersai.kz

"Аяла" қоғамдық қоры

altБұл қайырымдылық қоры бірнеше акция бойынша біздің ұйыммен бірге қызмет етіп жүр. Өткен жылы қос қайырымдылық қоры бірігіп балалар күніне орай жетім балаларға арнап мереке ұйымдастырған болатын. Жаңа жыл мен өзге де мейрамдарда жетім балаларға мейірім сыйлаудан жалықпайды.
"Аяла" қоры 2007 жылдың наурыз айында жеке қордың коммерциялық емес ұйымы болып құрылған. Аталмыш қордың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қайырымдылықтың дәстүрін қалыптастыру және оны әдетке айналдыру. "Аяла" қоры балалар үйлері мен ауруханаларға, мектептер мен мектепке дейінгі балаларға көмек көрсетеді.
www.ayala.kz

Алматы Халықаралық мектебі

alt


Бұл мектеп "Балбұлақ" балаларды сауықтыруға арналған Республикалық орталығында балаларға арналған әр түрлі саяхаттарды ұйымдастырып отырады. Мектеп жыл сайын "Балбұлақ" балаларының игілігіне автобус пен автобус жүргізушілерін тегін жіберіп отырады. 1993 жылы құрылған бұл мектеп о баста оралмандар балаларының білімін жетілдіру мақсатында ашылған.
Алматы Халықаралық Мектебі жеке меншік болғанымен, 3 жастан бастап 17 жасқа дейінгі балалар мен жас жеткіншектерге білім мен тәрбие береді. Мектеп оқытушылары әр оқушыға жеке назар аударуды негізгі бағыт етіп алған. Олардың ешбірі назардан тыс қалмайды. Бұл мектеп Америка Құрама Штаттарының орта мектептерінде аккредитацияланады. Жоғары сынып оқушылары жоғары оқу орындарының бағдарламасы бойынша сабақ алады. Бұл мектеп түлектерінің басым бөлігі АҚШ университеттерінде білімін жалғастыру мүмкіндіктеріне ие.


Алматы циркі

altАлматы циркінің артистері "Балбұлақ" орталығының "Мереке" жобасында үздіксіз бой көрсетіп келе жатыр. Сонымен қатар, балалар ауруханасының Онкология және Радиология бөлімдеріне көмек қолын әрдайым созып отырады. Алматы циркінің тарихында кез келген шығармашылық ұжымға тән айтулы күндер көп. Оның біріншісі 1970 жылдың 24 шілдесі. Бұл күні Волга өзенінің жағасында орналасқан Саратов қаласында қазақ цирк артистері өз өнерлерін паш еткен болатын. Қазақ циркінің пайда болған күнін осы күнмен байланыстырады. Өйткені олар дәл осы күні шеберлік пен дарындарын көпке мәлім етті. Екінші айтулы күні 1972 жылдың 10 маусымы. Бұл күні қазақ цирк залында тұңғыш рет халыққа артистер өнері көрсетілді.
www.circus.com.kz

Дьюи энд ЛеБоф ЛЛП

alt"Дьюи энд ЛеБоФ ЛЛП" - "Дара" қайырымдылық қорының "Дәнекер" жобасында белсендік танытып жүр. Бұл ұйым жетім балаларды асырап алу жолында тегін заң қызметтерін көрсетеді. Құқықтық қызметтермен қоса ақшалай да көмек көрсетіледі.
"Дьюи энд ЛеБоФ ЛЛП" әлемдегі ең ірі халықаралық фирма болып табылады. Фирманың бас кеңсесі Нью-Йорк қаласында орналасқан. Фирма әлемнің 12 қаласында 1400-ден аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Фирма жақында біріккен Дьюи Балантайн және Лебоф Лам Грин энд Мак Рей деп аталатын екі ірі фирманың құрылуына себепші болды. Сондай-ақ аталмыш фирма ТМД мен Орталық Азия елдерінде ірі инвестициялық компанияларды құрған.
Бұл фирманың Алматыдағы кеңсесі 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Орталық Азия мен Каспий теңізі жағалауы елдеріндегі энергетика саласының ең үздік фирмасы болып танылған. "Chambers Global" рейтинг агенттігі Қазақстандағы ең ірі энергетикалық компания деп фирманы шетелдік компаниялардың алдыңғы қатарынан көрсеткен. Компания банк, қаржы, мұнай, электр энергетикасы мен телефон және коммуналды қызмет түрлерін ұсынады. Фирма туралы толық ақпаратты www.deweyleboeuf.com сайтынан алуға болады.

Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.