Тәлімгерлік » DARA foundation
KZ
RU
EN


"Тәлімгерлік" жобасы

Көп мемлекеттерде интернат типті балалар мекемелерін дәрменсіз деп есептейді, өйткені жетім балалар ол жерден қоғамға дұрыс бейімделмеген қалпында шығады. Көп сарапшылардың айтуынша, ең маңызды проблема ол, -балалардың өмірге деген көз қарасы және мүлдем өз күшімен әрекеттенуге талпынысының жоқтығы. Балалар үйінен шыққан түлектердің өмірге деген ептілігі тым аз болып саналады, олар проблемаларын өз басымен қиын шешеді, басқа адамдармен қарым-қатынасқа оңай бара алмайды және криминалды жүйенің немесе айлакерлердің қолына оңай түсіп кетеді.

"Дара" Қоры және "Ребенок должен жить в семье" Қоғамдық Қозғалыспен бірігіп, 2014 жылдан бастап Алматы және Астана қалаларында "Тәлімгерлер" жобасын жүзеге асыруда.

Тәлімгер баланың өзіне және өз күшіне сенімін арттыруға көмектеседі, сонымен қатар, өмірлік мақсаттарды қоя білу және оның жүзеге асыруына жауапкершілік ала білуіне үйретеді.

"Тәлімгерлер" жобасы үш бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірінші бағыт - 8-14 жасар балаларға тәлімгерлік жасау. 8 жастан кіші балалар арасында тәлімгерлерлік жүргізілмейді, себебі бұл жастан кішілірге тәлімгердің, асырап алушының және демеушінің айырмашылығын түсіндіру өте қиын болып табылады. Көп жағдайда, бала, тәлімгерді жаңа анасы немесе әкесі ретінде қарап, оған үміттенуі мүмкін.

Тәлімгерлерлік- бұл жасөспірім баланы асырап алғысы келетіндерге өте қолайлы бағдарлама болып табылады. 8-10 жасар балаларды белгілі бір денгейде түсінігі қалыптасқан, және оған ата-ана мен тәлімгердің рөлін түсіндіруге болады. Жобаның тағы бір ерекшелігі, ол, балалар үйіне көмек көрсеткісі келетін волонтерлардың жұмысын нәтижелі жасау. Волонтерлар тәлімгерге айналып, балалармен достасып, оларға ақыл-кеңесін беріп және оларды ересек өмірге дайындайды. Осындай достастыққа жету үшін бірқатар арнайы тәсілдер жетілдірілген. Ең алдымен үлкен, ұжымдық кездесулер ұйымдастырылады. Ол жерге болашақ тәлімгерлер мен балаларды бір-бірімен кездестіреді және таныстырады. Бұл кездесуде балалар арасында бәсекелестік болмау үшін, болашақ тәлімгердің санын балаларға қарағанда көбірек болады. Достық сезімін ояту үшін, алғашқы бұл кездесуде болашак тәлімгерлер мен балалар арнайы дайындалған ойындар арқасында таныса бастайды. Осындай үлкен кездесулер бірнеше рет өткеннен кейін, нәтижесінде "тәлімгер-бала" жұптары табыла бастайды. Бірқатар бала мен тәлімгер бірге өткен кіші кездесулерден соң, жеке жұмыстар басталады. Сонымен қатара, тәлімгер баламен жеке жұмысты бастардан алдын, ол міндетті түрде психологиялық тесттерден өтіп, тәлімгерліктің мектебін оқып шығу керек. Тәлімгерлер мектебінде берілген жастағы балалармен қалай тіл табысу керектігін, және тиімді қарым-қатынасты қалай құру керектігі туралы толығырақ мәліметтер беріледі.

Алғашқы кездерде тәлімгерлер мен балалардың кездесулері балалар үйінде өтеді, қажетті құжаттарды жинаған сон, қамқоршылық органдар мен балалар үйімен "қонақ келісім шартына" қол қойылады, содан кейінгі кездесулер балалар үйінен тыс жерлерже болуы мүмкін. Бұл өте маңызды кез, себебі балалар үйінің қоршауының ар жағындағы шынайы өмірді тануға және қажетті қабілеттерді үйренуге жақсы мүмкіндік. Тәлімгерлер жасөспіріммен тек қана музей, көрме және білім орталықтарына ғана барып қоймай, сонымен қатар, дүкеннен сауда жасау, тамақ пісіріп үйрену және өз мамандығы мен қызығушылықтары жайлы айтып қызықтырудан түрады.

Тәлімгерлер- бұл тек қана достық емес, бұл өте маңызды жұмыс және жалғыз ынтаның аз болатыны анық. Балалар жасөспірім кезеңінде болғандықтан, тек қана болашак маман туралы емес, басқа да: құрбыларымен қатынасы, білімі, туысқандары жайлы және болашақ жайлы жеке сүрақтар қойып, оған жауап күтеді. Бұл жұмыстардың барлығы деңгейде жүру үшін және тәлімгерлердің жобаға деген ынтасы өшпеуі мақсатында, тәжірбиелі психологтар мен басқа да мамандар көмекке келеді. Айына бір рет, Тәлімгерлердің клубы жұмыс жасайды. Ол жерде тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандардан маңызды кеңес алады.

Екінші бағыт-коучинг, 14 жастан жоғары жасөспірімдерге арналған бағдарлама. Коуч- ол жеке тренер, адамның жеке мақсаттарын анықтауға және оған қол жетуге көмектеседі. Коуч мативацияны жоғарлатады, өз уақытын тыйымды қолдануға көмектеседі және басқа адамдармен қарым-қатынас қоя білуді үйретеді. 14 жастан жоғары жасөспірімдерде әдетте мотивацияның аздығы және жалқаулықтаң басым болуы байқалады, оның басты себебі терең психологиялық уайымдар алаңдатады. Коучтардың есептемесі бойынша, балалар тез шаршап, әрқашан шаршағандық сезіммен журеді. Психологтардың ойынша, бұндай жүйелі шаршау сезімі жасөспірімдерде психологиялық проблемалардың нәтижесінде болады. Күш-қуаттың барлығы уайымдауға, ата-анағы ренжуге немесе басқа да өмірлік трагедияларға жұмсалып, өзіндік жоспарларын (сабақ, спорт) құруға және оларды жүзеге асыруға мүлдем күш қалмауы мүмкін. Сондықтан коучпен қатар бағдарламен психодогтар да жұмыс атқарады.Кейбір балалармен жеке жұмыс жасалады, кейбіреулерімен топта арт-терапия форматында өтеді.

Үшінші маңызды бағыт-корпоротивті тәлімгерлік. Компаниялар да тәлімгер бола алады. Балалның тағдырына түкте әсер етпейтін және оларды сұраныс қатынасына итермелейтін кең таралған мейрамдық акциялар мен біржолғы мерекелік шараларға қарағанда, жоба баланың білім алуына, мамандығында, барлығы оны ұмытып кеткен кезде, онымен болатын тәлімгер табуына арналған. Компания финанс жағынан көмектесуі мүмкін, сонымен қатар топ балаларға немесе жеке балаға тағылымдама өтуге немесе степендияға ие болуға медеткер болуы мүмкін. Тек қана жұмысқа орналастырып емес, сонымен бірге компанияда әлеуметтенуге және пайдалы икем алыға көмектесу болып табылады.


"Тәлімгерлік" жобасы "Тәлімгерлік" жобасы Жобада қатысу үшін, бізге мына телефон арқылы хабарласуыңызға болады:
Алматы: +7 (727) 328 3974, nastavnikkz@gmail.com
в Астана: +7 (7172) 469132, nastavnik7172@gmail.com
Жоба жайлы нақтырақ, жетістік тарихтарын және анонстарды alt


Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.