Еңбекақы демеушілігі бағдарламасы » DARA foundation
KZ
RU
EN


Еңбекақы демеушілігі бағдарламасы

"Дара" Қоры кез келген демеушілік көмекті қуанышпен қабыл алады, сондықтан ұйымдар мен компанияларға қоса жеке тұлғаларды да ынтымақтастыққа шақырады.

Жеке тұлғалар еңбекақымен қаржылық донорлық бағдарламасына қатыса алады.

Осындай жолмен демеу көрсету бағдарламалары көптеген елде бар. Олардың ішіндегі ең табысты және ірі бағдарламалар ‑ АҚШ‑тағы CFC (Combined Federal Compaign) және SECA (State Employee Charitable Appeal). Демеушіліктің басқа түрлерінен олардың айырмашылығы мынада: қызметкер өзінің еңбек ақысынан аударымды еңбекақы төлеу көзі арқылы, яғни тікелей өзінің жұмыс орнында жасайды. Осындай тәжірибе демеушіге жеке қайырмалық жасауымен байланысты филантроптық демеушілігінің логистикалық жағын айтарлытай оңайлатады.

Демеушіліктің бұл түрі ай сайынғы негізде еңбекақының белгілі бір пайызы түрінде жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, аударымдар еңбекақының 0,5%-1% мөлшерінде болуы мүмкін. Сондай‑ақ табыстың пайызына байланыстырмай, белгілі бір соманы (мысалы, 300 теңгені) белгілеуге болады. Қызметкерлер еңбекақысынан бөлінетін пайызды немесе соманы ғана белгілейді, ал демеушілікті ресімдеу жөніндегі барлық жұмысты Қордың жұмыскерлері жүргізеді.

Еңбекақыдан демеушілік жасау шеңберінде көрсетілген көмек Қордың әлеуметтік жобаларын дамытуға бағытталады.

Телефон: +7(727) 267-17-18

Факс: +7(727) 272-71-30

E-mail:info@dara.kz


Сіз мүмкіндігі шектелген және жетім қалған балаларға банк карточкасы арқылы қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз. Көмекті қандай көлемде көрсету керектігін өзіңіз шешесіз, біз керегінше сізге қаражат жұмсау жөнінде толық есептемені бере аламыз. Қаражат аударымының қауәпсіздігі толығымен "Қазақстан Халық Банкі"-нің процессинг орталығымен қамтамасыз етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 311 68 41

Жаңалықтар мен оқиғалар

19 наурыз 2014
Педиатрия Орталығының балаларына арналған көктем сыйлықтар
Қалыптасқан дәстүр бойынша көктемгі күн мен түннің теңесуі Наурыз мейрам қарсаңында "Дара" Қорының қызметкерлері Педиатрия және Балалар Хирургия Ғылыми Орталығына Онкогематология бөлімшесіне барды.

18 наурыз 2014
Педиатрия Орталығындағы көңілді қонақтар
Бірнеше жылдар бойы "Дара" Қоры ауруханалық клоунада арқылы науқас балалардың оңалтуын жүйелі және бірізді түрде өткізеді. Осы жолы да Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің қарсаңында "Дара"

17 наурыз 2014
«Шымбұлақ» әртістерді қабылдады
17 наурызда "Дара" Қоры Алматы облыстық туберкулезге қарсы "Шымбұлақ" балалар шипажайында емделіп жатқан балалар үйінен түскен жетім балалар және ауылдардағы аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін цирк әртістерінің келуін ұйымдастырды.
Бұл жерде Сіз электронды төлемдер (Webmoney, Яндекс, Pay-Pal,HomeBank) жасау арқылы қайырымдылық жобаларына қаржылық демеу көрсете аласыз.
Сіз көрсеткен көмек қордың әлеуметтік жобалары шегінде балаларға жұмсалатын болады. Қорды күтіп ұстауға қатысты барлық әкімшілік шығындарды Қордың құрылтайшысы Гүлнәр Досаева өтейді.